«Өскемен – Семей» тасжолында 3 жолаушысы бар көлік түнде жолда қалған

9 Желтоқсан 2022, 13:22
12652
Бөлісу:
«Өскемен – Семей» тасжолында 3 жолаушысы бар көлік түнде жолда қалған

8 желтоқсан күні сағат 03.25 шамасында "Өскемен-Семей" тасжолының 108-шақырымында ішінде 3 жолаушысы бар автокөлік бұзылып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Altaynews хабарлауынша, жолда қалған жолаушылар бірден құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Оқиға орнына бірден "Привольное" трассалық медициналық-құтқару пунктінің Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы келді.

Бригада оларды трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Жолаушылар қатты тоңып қалған, ешқайсысында үсік белгілері байқалған жоқ. Оларға көмек көрсетіліп, ыстық шай беріліп, пунктте түнеп шықты, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Қыс мезгілінде түнгі уақытта жалғыз алыс жолға шықпаңыз. Жолға шығар алдында барлық қажетті жабдықтарыңызды, жылы киім, қол шам және телефон қуаттағышыңызды алуды ұмытпаңыз.

Өзгелердің жаңалығы