Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл төледі.
Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қала әкімі қоғамдық орында бетпердесіз жүріп, санитарлық талапты бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Өткен аптада осыған қатысты толтырылған хаттамаға сәйкес қала басшысы белгіленген айыппұл мөлшерін төледі. Сонымен қатар сол шарада бетпердесіз жүрген Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да жауапқа тартылып, айыппұл арқалады, - деп жазды ол.