Өскелең ұрпақ болашағына нық сеніммен қарай алдым - зейнеткер

5 Қаңтар 2024, 21:15
681
Бөлісу:
Өскелең ұрпақ болашағына нық сеніммен қарай алдым - зейнеткер
Фото: автордан Жеке мұрағаттан

Зейнеткер Рахматулла Сейілов Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Өткен жыл еліміз үшін біршама өзгерістерімен есте қалды. Үйде отырған зейнеткер үшін еліміздің ертеңі аса маңызды. Сол себепті елімізде орын алып жатқан барлық саяси ауқымды мәселелерді мұқият бақылап отырамын. Келешек ұрпағымыздың жағдайына алаңдаушылық танытатыным рас. Бірақ Президентіміздің сұқбатын оқып отырып, өскелең ұрпақ болашағына нық сеніммен қарай алдым, - дейді зейнеткер.

Сондай-ақ мақаланы оқи отырып Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған саясатының маңыздылығын байқағанын жеткізді.

Алдағы жылдарға жасалып отырған жоспарлар, экономиканы дамыту, халықаралық байланыс, ең бастысы адам мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін қызмет ету керектігін баса айтты. Сондай-ақ Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ережені ешкімнің өзгерте алмайтынын нақ айтты. Бұл дегеніміз халық та өз талабын үкіметке қойып, оның нәтижесін көре алады деген сөз. Осындай қарқынмен жалғастыра берсек, Қазақстан дамыған елдердің қатарынан түспесі анық, - дейді зейнеттегі Рахматулла Сейілов.

Өзгелердің жаңалығы