«Оскар-2021» сыйлығына үміткерлер белгілі болды

17 Наурыз 2021, 05:28
1371
Бөлісу:
«Оскар-2021» сыйлығына үміткерлер белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы «Оскарға» ұсынылған фильмдер мен актерлар белгілі болды.

Режиссер Хлоя Чжаоның «Көшпенділер елі», (Nomadland, Флориан Зеллердің «Әке» (The Father), Дэвид Финчердің «Манк" (Mank), Шаки Кингтің «Иуда және Қара Мессиа» (Judas and the Black Messiah), Ли Айзек Чунның «Минареи» (Minari) , Эмиральд Феннельдің «Үміт қызы» (Emerald Fennell), Дариус Мардердің «Металл дыбысы» (The Sound of Metal), Аарон Соркиннің «Чикаго жетілігін соттау» (The Trial of the Chicago 7) фильмдері  «Үздік фильм» номинациясына ие болды.

Хлоя Чжао, Эмиральд Феннель, Томас Винтерберг, Дэвид Финчер және Ли Айзек Чун «үздік режиссер» номинациясы бойынша бақ сынайды.

«Үздік актер» номинациясына Энтони Хопкинс («Әке»), Риз Ахмад («Металл дыбысы»), Гари Олдман («Манк»), Стивен Анн («Минари») және қайтыс болғаннан кейін Чедвик Боузман ұсынылды.

«Үздік актриса» номинанттарының тізіміне Фрэнсис Макдорман, Ванесса Кирби, Кэри Маллиган, Виола Дэвис және Андра Дэй енді.

93-ші Оскар сыйлығын марапаттау рәсімі 25 сәуірде өтеді.


Өзгелердің жаңалығы