ОСК Талғат Ерғалиевті де Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

13 Қазан 2022, 11:23
991
Бөлісу:
ОСК Талғат Ерғалиевті де Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Президенттігіне кандидат Талғат Ерғалиев Конституцияның сайлау туралы талаптарына сай келмейтіні айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты ұсынған «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының 55-бабының 1-тармағына сәйкес тіркелмеген, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Талғат Ерғалиев туралы.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы төмендегі қаулыны қабылдады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін.
Талғат Файзоллаұлы Ерғалиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын, - делінген қаулыда.

Айта кету керек, Талғат Ерғалиевті ҚР президенттігіне үміткер ретінде 7 қазанда ұсынылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы