ОСК лингвистика комиссиясы ел президенттігіне «Аманат» кәсіподақтар достастығынан үміткер Мейрам Қажыкен «мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Лингвистика емтиханы барлық үш кезең бойынша өтті. Атап айтсақ, тақырыпқа сай жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу сынағын тапсырды.
Емтихан қорытындысын лингвистика комиссиясының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады.
Емтихан қорытындысы бойынша лингвистика комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады, - деп жазады ОСК ресми сайты.
Айта кеткен жөн, Президентікке кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.
23 қыркүйектен бастап ел президенттігіне кандидаттар ұсыныла бастады.