ОСК сайлаудың ресми қорытындысын жариялады

22 Қараша 2022, 11:33
2934
Бөлісу:
ОСК сайлаудың ресми қорытындысын жариялады

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күн тәртібінде 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлау қорытындысын жариялау мәселесі талқыланды.

Осыған дейін 21 қарашада президент сайлауының алдын-ала қорытындысы жарияланған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров соңғы мәліметтермен таныстырды.

Республика бойынша 8 млн 300 мың 46 адам бюллетень алды. Есептен шығару куәліктерін - 13 мың 282 адам алды.Үй жайдан тыс дауыс берген азаматтар саны - 112 мың 969 адамды құрады. Жалпы сайлау нәтижесі мынандай:
Қарақат Әбден: 206 206 адам немесе 2,6 %,
Нұрлан Әуесбаев: 176 116 адам немесе 2,22%,
Жигули Дайрабаев: 271 641 адам немесе 3,42%,
Мейрам Қажыкен: 200 907 адам немесе 2,53%,
Қасым-Жомарт Тоқаев: 6 млн 456 мың 392 адам немесе 81,31%,
Салтанат Тұрсынбекова: 168 мың 731 адам немесе 2,12 %,
Барлығына қарсымын: 461 мың 484 адам немесе 5,8%. 
Сонымен, алдын ала сайлау қорытындысы бүгін ресми расталды, – деді ол.

2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Отырыс барысында мемлекет басшысына куәлік табысталып, орталық сайлау комиссиясының төрағасы өз құттықтауын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы