ОСК референдум өткізу ұсынысын тіркеуден бас тартты

23 Қараша 2019, 16:52
1775
Бөлісу:
ОСК референдум өткізу ұсынысын тіркеуден бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Онда бастамашыл топты тіркеу үшін азаматтар тобы ұсынған құжаттар мен референдумға ұсынылған мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қарау қорытындылары бойынша референдумның бастамашыл тобын құру туралы куәландыратын нақты деректердің болмауына байланысты "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес "Референдумның бастамашыл тобын және ол референдумға ұсынған мәселелерді тіркеуден бас тарту туралы" қаулы қабылдады - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір топ азаматтың еліміздегі Сайлау туралы заңына өзгерістер енгізу туралы референдум өткізу бойынша ұсыныс жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы