ОСК оппозиционер кандидат Нұрлан Әуесбаев кандидатурасын тіркеді

20 Қазан 2022, 20:14
677
Бөлісу:
ОСК оппозиционер кандидат Нұрлан Әуесбаев кандидатурасын тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының 20-шы отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаевтың  кандидатурасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«2022 жылғы 7 қазанында Орталық сайлау комиссиясына «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсынды. Президенттікке кандидат Н.С. Әуесбаевтың қолдауына Қазақстанның 15 өңірінен 120 908 азаматтың қолдары жиналды.  Тексеру нәтижесінде 119 197-і рас деп танылды»,- деді  Сәбира Мұстафина.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының  мүшелері тиісті хаттамаға қол қойып, Нұрлан Сатыбалдыұлы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы