ОСК Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын тіркеуден бас тартты

21 Қазан 2022, 18:43
1170
Бөлісу:
ОСК Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын тіркеуден бас тартты

Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаев "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Нұрдан Әлтаевтың кандидатурасын тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нұржан Әлтаев 6 қазанда “Мұқалмас” республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Кандидаттың заңнама талартарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдардан мәліметтер, сондай-ақ лингвистикалық комиссияның қорытындысы алынды. 11 қазанда ОСК-ға Мұқалмас республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы отырысының ҚР президенттігіне кандидат ұсыну жөніндегі 6 қазандағы хаттамасының қолданылуын сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтату туралы Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотының 11 қазандағы дереу орындауды талап ететін ұйғарымы келіп түсті, - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Оның сөзінше, Орталық сайлау комиссиясына ҚР Сайлау туралы Конституциялық бабының 54-бабы 2-тармағы негізінде президенттікке кандидаттың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкестігін, оның ішінде кандидат ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы орган отырысы хаттамасынан үзінді көшірме негізінде белгілеу жөнінде өкілеттік белгілеген. Соттың ұйғарымын орындай отырып, 12 қазанда ОСК ҚР Сайлау туралы конституциялық заңның 12-бабының 17-тармақшасын басшылыққа ала отырып, президенттікке кандидат Әлтаевтың сәйкестігін белгілеу рәсімін тоқтата тұрған болатын.

Мұқалмас” республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органының 6 қазандағы Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасы Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотының 17 қазандағы шешімі бойынша жарамсыз деп танылуына байланысты ОСК ҚР президенттігіне кандидат ұсыну туралы қолданыстағы құжаты жоқ деп танылады. Сол себептен ОСК мүшелерінің қарауына тіркеуден бас тарту туралы тиісті хаттама мен қаулы жобасы ұсынылды, - деді Шавкат Өтемісов. 
ОСК қаулыны бір ауыздан қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы