ОСК мәслихаттарға кандидаттарды тіркеу қорытындыларымен бөлісті

18 Ақпан 2023, 11:26
1161
Бөлісу:
ОСК мәслихаттарға кандидаттарды тіркеу қорытындыларымен бөлісті
Фото: sn.kz

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу шеңберінде Саяси партиялардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына партиялық тізімдерді тіркеу қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Барлығы 1471 кандидат ұсынылып, 1447 кандидат тіркелді.

«Ақ жол» партиясынан 20 өңірден 119 кандидат, «AMANAT»  партиясынан барлық өңірден 692 кандидат, «Ауыл» партиясынан барлық өңірден 136 кандидат, «БАЙТАҚ» партиясынан 18 өңірден 89 кандидат, «Қазақстанның халық партиясынан» барлық өңірден 172 кандидат, «Respublica» партиясынан 20 өңірден 159 кандидат тіркелді, - деді Петров. 

Еске салайық, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» ғана мәслихаттарға партиялық тізімдер ұсынбады. 

Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастар санының жиынтығы 39,2 (567) пайызды құрайды. Кандидаттардың орташа жасы – 43,8 жас. Ал 29 жасқа дейінгі жастар саны – 182 адам. Ең жасы 2003 жылы туған, ең кәрісі 1945 жылы туған. Сондай-ақ 22 ұлт өкілдері ұсынылған.   

Өзгелердің жаңалығы