ОСК: Бүгін сайлау науқаны басталды

20 Қаңтар 2023, 11:21
1889
Бөлісу:
ОСК: Бүгін сайлау науқаны басталды
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын республика Президенті бір мезгілде мәжіліс депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен соң екі айдың ішінде тағайындайды және өткізіледі. 

Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 қаңтардағы Президенттің №104 Жарлығымен алдағы 19 наурызға Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды. Осылайша, Президенттің Жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталды, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.  

Еске сала кетейік, елдегі Орталық сайлау комиссиясының отырысында:
1) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы;
2) 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы;

4) Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметін ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы