Экс-министр Қуандық Бишімбаев полиция келмес бұрын өзіне қол жұмсамақ болған. Ол жақындарына арнап бейнежазба қалдырғысы келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұны сот процесінде Прокурорлар тағы бір айыпталушы Бақытжан Байжановтың телефонын тексеру барысында айтты.
Бүкіл затымды, банк аккаунттарымды, шоттарды балаларым Мансұр, Карим, Ранияға және Назымға (бұрынғы әйелі) сыйлаймын. Балаларыма қарасын, - дейді Бишімбаев видеода.
Айта кетейік, бүгін Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 12-ші сот отырысы өтіп жатыр.
Сот барысында VIP бөлмеден табылған скотч туралы айтылды.
Бұдан бөлек марқұм Салтанаттың бұрын жарияланбаған хаты оқылды.
Сондай-ақ Нүкенованың құрбысына жазған хаты жария етілді. Онда Салтанат дүниеге бала әкелуден қорқатынын және некеге заңды түрде отырғысы келмейтінін жазған.