«Өсетін баға бір қарқынмен өседі». Министр бағаға қатысты пайымын айтты

15 Қараша 2022, 11:28
1026
Бөлісу:
«Өсетін баға бір қарқынмен өседі». Министр бағаға қатысты пайымын айтты

Жаңа жылға қарай азық-түлік бағасы мен қызмет түрлерінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң журналистер ведомства басшысынан “жаңа жылда қай тауарға және қандай қызмет түріне баға өседі?” деп сұрады.

Мұндай болжамды айта алмаймын. Бұл Ұлттық банктің мәселесі. Бірақ инфляцияны тұрақтандыруға тырысамыз. Үкімет пен министрліктің басты міндеті – инфляция тежеу. Ал өсетін бағалар бір қарқынмен өсуі керек, – деп жауап берді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар Қуантыров азық-түлік бағасының өсуіне жергілікті әкімдіктердің қауқарсыздығы себеп болып отыр ма? деген сауалға жауап берді.

Ол мәселе әр өңірдің әкіміне байланысты. Себебі, облыстардың экономикалық жағдайы әртүрлі олардың құрылымына қарауымыз керек, Мысалы, Түркістан облысында азық-түлік бойынша ешқандай мәселе жоқ, бірақ Маңғыстау облысында бар. Өйткені олар азық-түлік өнімін импорттайды, – деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы