Осакаровкада 108 отбасы баспаналы болады - әкім

10 Қыркүйек 2021, 21:05
2007
Бөлісу:
Осакаровкада 108 отбасы баспаналы болады - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Осакаров ауданына барды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 «Жаңа ай» ЖШС, «Жатва» және «Ясная поляна» шаруа қожалықтарында болып, егін жинау науқанының барысымен таныстым. Астықтың сапасы жақсы, өнімділігі де ойдағыдай. Ауданда 25 мың тонна астыққа есептелген заманауи элеватор салынды. «Сарыбел НАН» кәсіпорны өз жұмысын Осакаров және Нұра аудандарына, сондай-ақ Ақмола облысының Аршалы ауданына бағдарлайтын болады. Мұнда сақтау, кептіру, қабылдау және жөнелту қарастырылған. Осы күзде элеватор астық қабылдауды бастайды. Нысан 2022 жылдың маусым айында толығымен іске қосылады деп жоспарланып отыр - деп жазды әкім.

Оның сөзіне қарағанда, облыс бойынша жоспарланған астық көлемінің 72,7% жиналған. 

Егін жинау науқанын 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Бидай мен картоп өсіретін барлық шаруа қожалықтары тұрақтандыру қорына қатысады. Сондай-ақ, Осакаровка кентінің «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығына бардым. Өткен жылы бұл нысанда «ЖҚЖК» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір мұнда технопарк пен балалар өнер мектебі бар, онда 200-ден астам адам оқиды - деді Жеңіс Қасымбек.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Осакаровкада 108 отбасы үшін алты 2 қабатты үй салынуда. 

Құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, тұрғын үйлерді тиісті мерзімде тапсыру туралы тапсырма бердім. Сондай – ақ, ұзындығы 81 км болатын облыстық маңызы бар «Осакаровка – Молодёжное» және ұзындығы 83 км «Осакаровка-Нұра» жолдарын жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Көп жылдар бойына «Осакаровка-Молодёжное» автожолы қанағаттанарлықсыз жағдайда болды. Бұл жердегі жұмыстардың іске асырылып жатқанына бірнеше жыл болды. Биыл жолдың кезекті 37 шақырымы жөнделіп, пайдалануға беріледі - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы