Орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Тоғжанов орыс тілінде баяндама жасағандарды сынға алды

3 Мамыр 2022, 12:55
1967
Бөлісу:
Орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Тоғжанов орыс тілінде баяндама жасағандарды сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов  бірқатар компания басшыларына ескерту айтты. 

«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарына арнлаған кеңес отырысында олар баяндамаларының басым бөлігін орыс тілінде жасады.

Жиынның соңғы сөзін сөйлеген «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев вице-премьер сынына ілікті.

Вице-премьер Серік Саудабаевқа ескерту жасай отырып, брифинг қатысушыларының бүкіліне мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндірді.

Бағанадан орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Қазақ тілінде де сөйлеу керектігін еске салғым келеді. Естеріңізде болсын. Бүкіл елде, халықтың арасында мұны әр уақытта есте сақтауымыз қажет. Мына жерде отырған азаматтардың бәрі – осы елдің азаматтары. Сондықтан жүрген-тұрған жерімізде осыны үнемі ескеруміз керек. Айналамызда болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар. Сондықтан сіздерге де тікелей қатысы бар. Бұл әр салаларымызға қатысты.Осыны бәріміз ескеруге тиіспіз, – деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы