«Орындалмайтын талап». Мырзағалиев мұнайшылардың талабы жиі өзгеретінін айтты

19 Сәуір 2023, 13:12
5509
Бөлісу:
«Орындалмайтын талап». Мырзағалиев мұнайшылардың талабы жиі өзгеретінін айтты
VIDEO
Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келіссөзге келген азаматтардың талабы - 3 жылдық келісімшарт. Біз ол талапты орындауға дайын екенімізді айттық. Жалпы, бұл - бизнес. Бизнесте бәсекелестік болуы керек. Бұл жерде бір компания ұтып, біреуі ұтылды. Ұтқан компания «БерӘлі» жұмысшыларын жұмысқа алуға дайын екенін айтты. Кейін жұмысшылар ол компаниядан да бас тартты. Екінші компания да келіп өз жұмысын ұсынды, – деді компания басшысы.

Ол неге мұнайшылардың жұмысы тек келісімшартпен шектелетінін түсіндірді.

Бұған дейін тендерлік келісім бір жылдық болды. Қазіргі таңда үш жылдық келісімшартқа ауысуға шешім қабылдадық. Бірақ бұл тек «Қазмұнайгаздың» ұстанымы емес. Жекеменшік компаниялардың өзіндік тәуекелдері бар. Егер олар үш жылға қол қойып, кейін инфляция болып құрал-жабдықтардың бағасы өсетін болса, қиын болады. Ол, әрине әрбір компанияның дайындығына байланысты, – деді Мырзағалиев.

Айтуынша, мұнайшылардың талабы жиі өзгереді.

Біз жұмысқа дайын екенімізді айттық. Бірақ олар «Өзенмұнайгаздың» өзіне жұмысқа тұрғысы келетінін айтты. Бұл өте орынсыз, орындалмайтын талап. Неге десеңіздер, ол жерде кезекте тұрған 9 мың адам бар. Мәселен,«Өзенмұнайгазға» кіру үшін оның белгілі бір алгоритімі бар. Біріншіден, коммуналдық мекемеге жұмысқа кіреді, кейін ғана компанияға орналаса алады, – деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы