Орынборда алкогольден уланып қайтыс болғандар саны 32-ге жетті

10 Қазан 2021, 17:03
5870
Бөлісу:
Орынборда алкогольден уланып қайтыс болғандар саны 32-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орынбор облысында 64 адам суррогаттық алкогольден уланып, олардың 32-сі қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ауруханаға алкагольмен уланып түскендердің саны 64 -ке жетті, оның 32 -сі қайтыс болды, - деп хабарлайды Орынбор облысының үкіметі.

Айта кетейік, 6 қазаннан бастап, облыстың шығысындағы тұрғындар суррогаттық алкогольден жаппай уланған болатын

Тергеушілер бес қылмыстық іс қозғап, құрамында спирті бар сұйықтықты сатумен және өндірумен айналысқандарды ұстады. Олардың кейбірі екі айға қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы