Жаңатас: Өрт себептері анықталуда

19 Ақпан 2021, 18:37
2372
Бөлісу:
Жаңатас: Өрт себептері анықталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында сағат 15.15-те 2 шағын ауданда 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты (үй заттары мен жиһаз жанды). Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған,  кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балалар улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылған, дегенмен біршама уақыттан кейін олар қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді - деді ол.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Атап айтқанда,  психологтардың көмегі мен жерлеу рәсімін ұйымдастыру.

Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел топ, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты.

Сонымен қатар, Жаңатасқа облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты.  

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт толықтай сөндірілді. Улы газбен улану жағдайлары оның жану өнімдерінде газдың толық жанбауы кезінде пайда болады, онда адам ағзасына әсер ететін улы газ пайда болады! Құрметті ересектер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! - деп ескертті мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы