Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

21 Қыркүйек 2023, 15:12
748
Бөлісу:
Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: ТЖМ

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Аманбаев Марғұлан Топашұлы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Қарағанды облысы Жаңа-Арқа ауданының Дружба ауылында дүниеге келді.

Жезқазған тау-техникалық институты мен ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өндірістік және азаматтық құрылыс» және «өрт қауіпсіздігі»мамандықтары бойынша аяқтады.

Азаматтық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап қызмет атқарады.

М.Т. Аманбаев осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

Айта кетейік, кеше ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Камалов Рамиль Фаткулұлы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы