Өртке оранған көліктен 3 адамды құтқарған Еркебұлан

31 Тамыз 2022, 10:41
1351
Бөлісу:
Өртке оранған көліктен 3 адамды құтқарған Еркебұлан

26 тамызда Маралды ауылының маңындағы «Павлодар-Шарбақты» тасжолында ауыр жол апаты болды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушылар көлігі Камаз тіркемесімен соқтығысты. Соққыдан кейін көлік бірден отқа оранды. Осы кезде апат болған жерден Маралды ауылының тұрғыны Еркебұлан Жүзбаев өтіп бара жатқанын Александр Цой өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Еркебұлан оқиғаның мән-жайын былай баяндайды: 

Мен сол күні кешке жұмыстан қайтып келе жатқан едім. Тасжолда апатты көрдім: Камаз болды, сәл ары қарай Ауди өртеніп жатты. Мен тоқтадым да, дереу көлікке қарай жүгірдім. Ол қатты өртке оранған. Ішінде адамдар бар екенін көрдім. Мен жақындағым келді, бірақ от жақындауға мұрша бермеді. Маған жақын жерде басқа жүргізушілер де жақындауға қорқып тұрды.

Еркебұлан сол кезде әрекет етпесе, көлік кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін екенін түсінгенін айтады.

Мен қолыма ыстық металды ұстау мүмкін болмағандықтан футболканы орап алдым. Кейіннен көлікке секіріп, есікті тарттым, ол ашылды. Көліктен бір адамды шығарып, алысырақ сүйреп апардым. Сосын екіншісіне жүгірдім, бұл кезде жалын одан да үдей түсті, - дейді ол. 

Еркебұлан екінші жолаушыны шығармақ болғанда куәгерлердің бірі оған көмектесе бастағанын айтады. Куәгер екеуі ес-түссіз жатқан тағы екі жолаушыны шығарып, алысырақ жерге сүйреп апара салысымен жарылыс болған. 

Еркебұлан оған көмектескен адамның жасы өзімен шамалас деп болжайды, бірақ түрін есінде сақтай алмаған.  

Егер ол болмаса, қалған екі адамға көмектесе алмас едім. Өте ыстық болды, оның үстіне көп түтін жұттым. Жедел жәрдем келген соң кетіп қалдым. Көлікте қолымды күйдіріп алғанымды көрдім. Бірақ менің күйігім ештеңе емес, бастысы – адамдар тірі, - деп бөлісті кейіпкер.

Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ дәрігерлер оларды аман қалады деп үміттенеді. Сондай-ақ Еркебұлан мен оған көмектескен ер адамның зардап шеккендерді ажалдан аман алып қалғанын растайды. 

Еркебұлан Жүзбаев 42 жаста. Маралды стансасында теміржолшы болып жұмыс істейді. Құтқарылған жолаушылардың туыстары оған жылы лебіздерін білдірген. Туыстардың айтуынша, апатқа ұшыраған жолаушылар сол күні кешке тойға асыққан.

Өзгелердің жаңалығы