Өртенген көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды

24 Наурыз 2022, 01:14
1811
Бөлісу:
Өртенген көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.

Өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.

Өртті сөндіргеннен кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді полицейлер.

Марқұмның кім екенін анықтау үшін сараптама жасалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы