ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов отырыста қандай келісімдердің болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін бұдан әрі ынтымақтастық мәселелері жөнінде сындарлы диалог болды. Барлық елдің Достастық ынтымақтастығы аясында көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейілділігі тағы да расталды. Сыртқы экономикалық бағдарда ортақ міндеттерді шешу үшін күш-жігерді біріктіру бойынша достық және мүдделі пікір алмасу өте пайдалы болды, - деді Премьер.
Премьер-министр қазақстандық тараптың ТМД кеңесінде талқыланған мәселелер бойынша қанағатандырарлық нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.
ТМД кеңістігінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін мекемелер қызметтерінің еркін саудасы, қызмет пен инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім жобасында жұмысты аяқтау қажеттілігі жөнінде шешім қабылданды. Оған келесі отырыс барысында қол қойылады деп жоспарлап отырмыз, - деді Әлихан Смайылов.