Орталық стадионды ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр

24 Мамыр 2022, 19:30
1652
Бөлісу:
Орталық стадионды ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 21 мамыр күні «Ордабасы» және «Ақсу» футбол командаларының кездесуі барысында қатты желдің салдарынан стадионының оңтүстік ғимаратының шатыры құлаған болатын.Қазіргі таңда стадион аумағын ретке келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орталық стадионды ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр

1967 жылы пайдалануға берілген спорт нысанының көрермен сыйымдылығы 25 мың. Стадион оңтүстік және солтүстік павильоннан (2 спорт зал және кобинеттер қаралған), жанкүйерлер трибунасы, қойма және т.б. бөлмелерден тұрады.

Шығыс және батыс көрермен трибунасының  жалпы көлемі 8,7417 шаршы метр. 

2007 жылы стадион күрделі жөндеуден өткен. Оңтүстік және солтүстік павильонның қасбеттерін арнайы құрылыс материадарымен қапталып, шатыр орнатылған.

Шығынның нақты мөлшері жайында қосымша ақпарат берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы