Орталық сайлау комиссиясы БАҚ-қа қандай оқыту өткізіп жатыр?

28 Қыркүйек 2022, 11:14
756
Бөлісу:
Орталық сайлау комиссиясы БАҚ-қа қандай оқыту өткізіп жатыр?
Фото: автордан

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралды оқыту орталығымен бірлесіп БАҚ-қа арналған оқыту өткізіп бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқытуға Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан 70-ке жуық бұқаралық ақпарат құралдары жиналды.
Курс “Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика” тақырыбында 28-30 қыркүйек аралығында өтеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, курс журналистерге БАҚ-тың сайлау науқандарындағы рөлі мен маңызын сыни тұрғыдан түсінуге және елдегі сайлау үдерістерін ақпараттық қамтамасыз етуде білім деңгейін арттыруға көмектеседі.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары сайлау үдерісі үлкен өзгерістерге ұшырады. Курс бағдарламасына қарасам, ұйымдастырушылар бізге, журналистерге, сайлау тәртібіндегі осы өзгерістердің себептері мен салдарын толық түсінуге көмектесетін білікті спикерлерді жинаған екен. Ал біз өз кезегімізде алынған ақпаратты оқырмандарымызға жеткіземіз, - деді Ақмола облысынан келген курс қатысушысы Наталья Яковлева.

Айта кету керек, оқыту бағдарламасында сайлау науқандарын ақпараттық жария етудің халықаралық стандарттары, журналист пен спикердің қазіргі заманғы коммуникациясындағы этикалық факторлар, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік, сайлау науқандары кезеңіндегі фактчекингтің рөлі туралы тақырыптар да қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы