Алматыда 5-ші "ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы" өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аустриядағы ЮНОПС еларалық кеңсесінің директорының міндетін атқарушы Гюрель Гуркан тұрақты өзгерістерді ынталандырудағы азаматтық қоғамның шешуші рөлін атап өтті.
ЮНОПС-та біз даму жолындағы күрделі мәселелерді шешуде ынтымақтастық пен инновациялардың күшіне сенеміз. Азаматтық қоғам жергілікті деңгейде оң өзгерістерді қамтамасыз ете отырып, осы жұмыстың алғы шебінде тұр. Біздің серіктестіктеріміз арқылы біз Орталық Азиядағы инклюзивті дамуға жәрдемдесеміз. Сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу мақсатында азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін арттыруға тырысамыз. Бұл форум білім алмасуға, серіктестік қарым-қатынас орнатуға және осы аймақтың елдері үшін ең маңызды мәселелер бойынша оң үдерістерді жеделдетуге бірегей мүмкіндік береді,- деді Гюрель Гуркан.