Орталық Азиядағы ең үздік ММА лигасын білесіз бе?

21 Қазан 2022, 14:50
922
Бөлісу:
Орталық Азиядағы ең үздік ММА лигасын білесіз бе?

Еліміздің Octagon лигасы кәсіби жекпе-жек ұйымдарының арасында Орталық Азиядағы ең үздік ММА лигасы атанды, - деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Octagon лигасын 2018 жылы еліміздің карате-до бойынша чемпионы Нураддин Садыков қалаған болатын. Сол жылдан бері лига 35 негізгі турнир, соның ішінде Octagon Selection сериясында 17 ивент өткізген болатын. Жалпы, ұйым құрылғаннан бері шамамен 550 жекпе-жек ұйымдастырылған.

Қазақстандық лиганың қарқыны күшейіп келеді. 2021 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Octagon турнирлерінде 392 жекпе-жек болған. Соңғы төрт жылда қазақстандық промоушеннің турнирлерінде 16 елдің шамамен 1050 файтерлер жарыққа шыққан. Елімізден бөле, Oсtagon  турнирлеріне Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Бразилия, Бахрейн, Иран, БАӘ, Украина, Египет, Грузия, Сауд Арабия және Болгария файтерлері қатысып келеді. 

Fightmatrix.com авторитетті порталының 8 қазанда шыққан жаңартылған рейтингісінде OCTAGON 26 орынға ие болды. Бұл Орта Азиядағы аралас күрес бойынша лигалардың арасындағы сөзсіз көшбасшысы екенін көрсетеді. Жалпы азиялық ортада лига бесінші орынға ие, Евразиялық континентте 17-і орында тұр. 

Еске сала кетейік, бүгін OCTAGON 36 ивенті Түркияда өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы