Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік көрме ашылды

12 Қазан 2022, 12:08
604
Бөлісу:
Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік көрме ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Астанада 12-14 қазан аралығында өтетін Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелері ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Көрменің жалпы аумағы шамамен 20 000 шаршы метрді құрайды. Халықаралық іс-шараға 20-дан астам елден 300-ден аса түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

Көрмені қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс бойынша емес, тек жеке негізде жүзеге асырылып жатыр және оны ұйымдастырушы ExpoGroup директоры Шолпан Қожабаева.

Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік көрме ашылды

Мен өзім неміс тілінің маманымен. Германияда болған кезде осындай көрмелерді көріп, қызығып, неге бізде осындай болмайды деп ойлайтынмын. 1996 жылдары осындай көрме Алматыда өткен. Мен «Атакент-Экспо» көрме компаниясында жұмыс атқардым, ол кезде жас маманмын. Осы агро тақырыбы өзіме қатты ұнайды. 26 жылдың ішінде түсінгенім, оны дамытудың да шегі жоқ сияқты. Көрме арқылы жас мамандарға тәжірибе алуға мүмкіндік жасап, жастарды осы салаға тартқым келеді, - дейді ол.

Көрме аясында өтетін конференцияларда талқыланатын негізгі бағыттардың бірі – отандық аграрлық ғылымды дамыту.

Шараға қатысушылардың арасында әртүрлі елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдары мен сарапшылары бар, олар өздерінің бірегей әзірлемелерімен бөліседі және қазақстандық әріптестердің тәжірибесімен танысады.

Өзгелердің жаңалығы