Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары – Мемлекет басшысы

19 Мамыр 2023, 10:57
1316
Бөлісу:
Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары – Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн. Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екені белгілі. 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі, - деді Президент.

Мемлекет басшысы су тапшылығына қатысты шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Сарапшылар біздің аймағымыздың тез жылынып бара жатқанын айтып отыр. Климаттың өзгеруіне байланысты біздің аймақтың басты су көзі саналатын мұздықтар да күрт азайып барады. Осы жағдай Орталық Азияның азық-түлік, энергетика және экология қауіпсіздігіне едәуір қатер төндіреді. Сондықтан бірлесіп шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы