Орталық архивте түпнұсқа құжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды

12 Маусым 2021, 11:17
1802
Бөлісу:
Орталық архивте түпнұсқа құжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында архивтің түпнұсқалық құжаттары негізінде көрме ұйымдастырды.

Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мемлекет және қоғам қайраткерлері С.Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Қожановтарға, тарихшы ғалым Е. Бекмахановқа және басқа да тұлғаларға қатысты құжаттар қойылды. Архивтің жас маманы А. Мақсымханова архивте сақтаулы тұрған Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар жайлы әңгімеледі.

Директордың орынбасары М. Жылысбаева архив тарапынан жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады.

Көрмеге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің бірінші, екінші курс студенттері мен магистранттары қатысты.
Шара соңында қатысушылар көрмеден алған әсерлерімен бөлісті. 

Өзгелердің жаңалығы