Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі мұндай ұсынысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды орындау аясында іске асыру керек дейді.
Қазір өтіп жатқан Үкіметтің кезекті отырысында министр Руслан Дәленов бұдан басқа бірнеше шараны атап өтті. Оның ішінде Үкімет жанына жұмыс тобын құрып, оны он шағын топқа бөлуді және бірінші басшыларды жауапты қылуды ұсынды.
Үкіметтің кеңейтілген отырысын мемлекет басшысы жалпы 80-нен астам тапсырма берілді. Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажет. Үш заң актісі қабылданады. Үш бағдарламалық құжат бекітіледі. Бұл ақша-кредит саясаты стратегиясы, сауда саясаты бағдарламасы және су ресурстарын басқару бағдарламасы.
Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды әрі жедел пысықтау қажет. Осыған байланысты Үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады. Жұмыс тобы шеңберінде он шағын топты айқындау ұсынылады. Бұл топтар мемлекет басшысының барлық тапсырмасын қамтиды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі. Осы жұмысқа сараптамалық қоғамдастық пен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарту керек. Әрбір шағын топтың шеңберінде мемлекет басшысының іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде. Салық-бюджет саясаты бойынша мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құру бойынша шаралар әзірленетін болады. Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер олардың тиімділігі тұрғысынан талданатын болады, - деді министр.
Ұлттық экономика министрі еліміздің бюджет кодексіне енгізуді қажет ететін өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, 1 мамырға дейін ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізімін айқындалатынын ескертті.
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін бюджет кодексіне контр-циклдікбюджет қағидаларын бекіту бойынша өзгерістер енгізіледі. Ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша инфляция мен экономикалық өсу арасындағы концессусқа қол жеткізуге бағытталғаншаралар әзірленетін болады.
Осы жылдың 1 шілдесіне дейін ақша-кредит саясат-стратегиясы және фишерлер инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар дайындалады. Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік саясат бойынша құзіреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленуде. Осы жылдың 1 мамырына дейін нәтижесіз шығындарды қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Сонымен бірге ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады, - деді ведомство басшысы.