Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнес қарқынды дамымай отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экономиканы монополиядан арылту – маңызды міндет. Бұл бағытта нақты жұмыс басталды. Нәтижесі қазірдің өзінде жаман емес. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды, - деді Тоқаев.
Сөзінше, елімізде мекемеаралық комиссиялар құрылды.
Олардың алдына нақты міндеттер қойылды. Осыған орай, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, әділеттілікті қалпына келтіру, адал бәсекелестікке жағдай жасау керек, - деді Президент.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мұның бәрі – уақытша міндет емес. Керісінше, бұлар – жаңа экономикалық саясаттың басты қағидаттары.
Тауар нарығының монополиялық құрылымы әлі де өзгере қойған жоқ. Оның үстіне бизнес, әсіресе, орта бизнес қарқынды дамымай отыр, - деді Тоқаев кеңесте.
Еске сала кетейік, Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтуде. Кеңес барысында Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керек екенін айтты.
Сонымен қатар, Тоқаев табысты елде тауып, шетелге шашатындар туралы айтқан болатын.