Орта білім беру комитетінің төрағасы ауысты

5 Шілде 2023, 19:17
703
Бөлісу:
Орта білім беру комитетінің төрағасы ауысты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қаныбек Жұмашев Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - делінген Үкімет таратқан ақпаратта.

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы цехының технологы болып бастады.

1992-1993 жж. –  «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасының ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы зертханасының инженері.

1993-1995 жж. – Ақтау қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищеде химия пәнінің оқытушысы.

1997 ж. – колледжде химия пәнінің оқытушысы, орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі.

1997-2000 жж. – Маңғыстау облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша жетекші маманы.

2000-2004 жж. – Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жж. – Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының м.а.

2005-2006 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының орынбасары, директоры.

2008-2010 жж. – Маңғыстау облысы Білім басқармасының бастығы.

2010-2012 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2019 жж. «Нұр Отан» партиясында жұмыс істеді.

2019-2020 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жж. – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

2021-2022 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.

Өзгелердің жаңалығы