Өрт сөндірушілер мемлекеттік медальдармен марапатталды

17 Қараша 2022, 19:41
1420
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер мемлекеттік медальдармен марапатталды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

I дәрежелі «Айбын» орденімен

Забикулин Асқар  Серікұлы  –  Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және  авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі;

III дәрежелі «Айбын» орденімен

Кемпіров Аян Алматұлы  –  Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі,- делінген хабарламада.

Забикулин Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны

1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Қарақөткел» ӨБ-9 өрт сөндіру постының қарауыл басшысы ретінде бастаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқар жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған.

Кемпіров Аян Алматұлы – азаматтық қорғаныс аға сержанты

1988 жылы 5 мамырда Қостанай қаласында туған.

Қарағанды политехникалық колледжін сарапшы-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметіне 2021 жылы тағайындалған.

Өзгелердің жаңалығы