Өрт сөндірушілер Алматыда тұрғын үйдегі өрттен 3 адамды құтқарды

25 Наурыз 2024, 04:48
457
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер Алматыда тұрғын үйдегі өрттен 3 адамды құтқарды
Фото: скрин

Алматы облысында ТЖД өрт сөндірушілері барак үлгісіндегі үш пәтерлі тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеке құрамның 19 адамы және 5 бірлік техника 150 шаршы метр аумақта өртті сөндіруге тартылды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Әр түрлі дәрежедегі күйік шалған үш ер адам ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі мәселесіне мұқият болуды сұрайды, - деп жазды ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы