Өрт сөндіруші болу үшін енді тест тапсырудың керегі жоқ

5 Тамыз 2022, 12:35
1804
Бөлісу:
Өрт сөндіруші болу үшін енді тест тапсырудың керегі жоқ

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ның Кадр саясаты бөлімінің басшысы Ақжолтай Әбіләзімов айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2022 жылы 11 шілдеде Құқық қорғау қызметі туралы Заңға өзгерістер енгізіліп, онда қатардағы және кіші басшылық құрам лауазымдарына үміткерлердің тестілеу тапсыру және жеке қасиеттерін бағалау қысқартылды. Бұл заң 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін болады, - деді ол. 

Сондай-ақ Әбіләзімов биыл 6 қаңтарда Алматы қаласы жеке құрамының штат саны ұлғайтылғанын мәлімдеді. Осыған байланысты өрт сөндіруші және жүргізуші қызметкерлері арасында 250-ден астам бос лауазымдар барын айтты. 

Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет мемлекеттік жұмысқа теңестірілген. Қызметкер бола отырып сіз мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға кезекке тұрып, ай сайын жалақы, кемінде 30 күн жыл сайын еңбек демалысын, екі айлық мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы, тегін нысанды киім-кешек аласыз, - деді ол.

Сонымен қатар, өрт сөндірушінің зейнетке шығу жасы  48 жас немесе 25 жыл жұмыс өтілі болуы қажетін айтты.Оған қоса, біліктілік талаптарына келетін, жоғары білімі бар қызметкерлер одан ары мансаптық өсумен офицерлік лауазымға аттестация алуға мүмкіндігі бар. 

Өзгелердің жаңалығы