Орнықты өсім болуы керек. Смайылов өңірлер жайында

13 Қыркүйек 2023, 09:45
624
Бөлісу:
Орнықты өсім болуы керек. Смайылов өңірлер жайында
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1%-ке дейін төмендеді. Мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы қажет. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды, – деді Премьер-министр.

Премьердің айтуынша, бұл мәселе – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет.

Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Министрліктер мен өңірлер өздеріне қарайтын экономика салаларында ай сайынғы орнықты өсімді қамтамасыз етуі тиіс, – деді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы