Міндеттерді орындамасақ орнымызға басқа партия келеді – Елбасы

21 Тамыз 2019, 11:53
1807
Бөлісу:
Міндеттерді орындамасақ орнымызға басқа партия келеді – Елбасы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне артылған жауапкершілікті түсіну керек екенін айтты. 

«Партиямыздың дамуының жаңа кезеңге келіп отырғанын бәріміз түсініп отырмыз. Заман өзгеріп жатыр. Жағдай өзгереді. Nur Otan жетекші күш ретінде саяси басшылықты бекітіп, стратегиялық бағыттан ауытқымау үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін, елге түсіндіретін ұйымбыз. Мұны орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді. Сондықтан жауапкершілікті түсінуіміз керек», - деді Назарбаев партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. 

Елбасы 2050 жылға қабылдаған бағдарламада 30 дамыған елдің қатарына кіреміз деген мақсат қойғанымызды атап өтті.  

«2050 жылға қабылдаған бағдарламада 30 дамыған елдің қатарына кіреміз деген мақсат қойдық. Барлық бағдарламаларды соған байланысты және сол мақсатқа жету үшін жасап жатырмыз. Индустриалдық бағдарлама, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, ағарту жұмыстары, барлығы жасап жатқан жұмысымыз – бір бағытқа, бір мүддеге жету мәселесі. Сондықтан бәріміз ойымыз осы мақсатқа жету болар еді», - деді ҚР Тұңғыш президенті.

Бұған дейін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық»  әлеуметтік шаралары туралы баяндады. 

Өзгелердің жаңалығы