Ормуз бұғазы арқылы тек Иран мен Қытайдың кемелері өткізіліп жатыр. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) Telegram-арнасында хабарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кемелердің басым бөлігі Ормуз бұғазының екі жағында тоқтап тұр және оны кесіп өтуге тәуекел етпей отыр, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Парсы шығанағына америкалық кемелердің кіруіне тыйым салынғаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Иран төңірегіндегі шиеленіс мұнай тасымалына қалай әсер ететіні туралы жаздық.