Ертең, 3 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында «38. Соңғы нүкте» көркем фильмі көрсетіле бастады. Туынды табиғи апатпен бетпе-бет келіп, сын сағатта өз қауіпсіздігі мен кәсіби борышының арасында таңдау жасауға мәжбүр болған адамдардың тағдырын баяндайды.
Фильм оқиғасы орманшылардың өмірі төңірегінде өрбиді. Кейіпкерлердің тағдыры арқылы картина адам өмірінің құндылығы, жауапкершілік, достық, отбасы, кәсіби борыш және табиғатқа жанашырлық тақырыптарын қозғайды. Туынды қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына арналған.
Кең прокатқа шығар алдында фильм Астана мен Алматы көрермендеріне таныстырылды. Премьераларға кино саласының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, актерлер, түсірілім тобы және БАҚ өкілдері қатысты.
Фильмнің режиссері – Төребек Бейсебаев, продюсері – Нұржігіт Хайдар. Басты рөлдерді Асан Мәжит, Арман Уахитов, Алтыншаш Шаяхмет, Алмат Сақатов, Төлепберген Байсақалов, Асылбек Әйтіш және Мақсат Сәбитов сомдады.
«38. Соңғы нүкте» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.