Бұл туралы Қостанай облыстық орман шаруашылығы инпекциясының басшысы Рүстем Қаракенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, ормандарды қалпына келтіру үшін 5 жыл қажет.
Инпекциясының басшысы өрттің шығу себебіне тоқталды.
Иә, кем дегенде 5 жыл уақыт кетеді. Жанған ағаштардың орынын қайта тазартып, отырғызу керек. Негізі күн қанша ыстық болса да нағыз қауіп жел. Желдің ықпалынан осындай көп шақырым алқапты өрт шарпыды. Өңірге келген демалушылардан да болуы мүмкін және ормандардағы ірі өрт найғазайдан болады. Себеп көп, - деді Рүстем Қаракенов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында өрт салдарынан 1936 жылы туған ер адам қаза тапқанын жазған едік.
Қостанай облысындағы өрт 2 қыркүйектен бастап сөндіріліп жатыр.