Орман қоры жерінде 2 млрд ағаш отырғызылады

24 Мамыр 2024, 15:15
233
Бөлісу:
Орман қоры жерінде 2 млрд ағаш отырғызылады
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, әр облыстың әкімдіктері ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспарлар бекіткен.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында орман қоры жерінде 2 млрд ағаш отырғызу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Орман отырғызу мен себудің едәуір бөлігі Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының тозған және шөлді жерлерінде сексеуіл екпелерін құру жолымен көзделеді. Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар ғылыми ұсынымдар мен орман өсіру талаптарына сәйкес жоспарланған. Осы жұмыстарды талдау және бақылу жүргізу үшін республикалық штаб құрылды. Сонымен қатар екпелерге қоғамдық мониторингті жүзеге асыру үшін интерактивті карта жасалды. Ол орман шаруашылығы іс-шараларының жүргізілуіне қарай жаңартылып отырады,-деді Данияр Тұрғамбаев.

Өзгелердің жаңалығы