Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясының панельдік сессиясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен мұғалімдермен сөйлесемін ғой. Олар курстан өтеді. Таң атқаннан кешке дейін мектепте жүреді. Сонда асхананың өзі мектепте бар ма, жоқ па? Мұғалімдердің дұрыс тамақтану мәселесі шешілде ме, жоқ па деген мәселелер бар. Сондықтан «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталықтарының мұғалімдерге қолайлы болуы, оларға үй сияқты болуы маңызды. «Өрлеу» орталықтарын «мұғалімдердің үйіне» айналдыру керек, - деді ол.
Министр атағандай, ол жерде сабақ беретін мамандардың біліктілігін одан әрі арттыру мәселесі де өте маңызды.
Ал курс өткізетін әдіскерлердің деңгейі жақсы болуы керек. Себебі олар мұғалімдердің мұғалімі ғой. Олардың деңгейі әлдеқайда жоғары болуы керек. Сол үшін біз үнемі деңгейді арттыруға көңіл бөлуіміз керек. Қазір оларды «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқытып, әртүрлі курстарға бағыттап жатырмыз. Мемлекет бюджеттен қаражат бөледі. Олар қаншалықты тиімді болып отыр деген ой мазалайды. Қазір біз бұл мәселені қолға алдық, - деді Аймағамбетов.