Өрескел заң бұзушылықтар анықталмады - Бигелді Ғабдуллин

11 Қаңтар 2021, 13:04
1451
Бөлісу:
Өрескел заң бұзушылықтар анықталмады - Бигелді Ғабдуллин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда «TAZA SAILAU» тәуелсіз байқаушылар азаматтық қозғалысының баспасөз брифингі өтті. 

Кеше Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бірінші рет екеуі бірге өткізілді. Сайлауға қатысқан бес саяси партия үшін де бұл науқан маңызды болды. Өйткені әрқайсысы Парламентке және жергілікті мәслихатқа өз өкілдерін өткізу үшін күресті. Өздеріңіз білетіндей, біз «TAZA SAILAU» атты тәуелсіз бақылаушылар тобын Парламент сайлауынан екі ай бұрын құрдық. Біршама жұмыс жасалды. Мысалы, Алматыда бір күндік семинар өткізіп, соған ірі 25 қаланың өкілдері қатысты. Олар заң, саяси жағынан қажетті білім алды, басқа да көмектер көрсетілді. Жалпы Қазақстан бойынша 5000 байқаушы дайындап, олардың бәрі осы сайлауда қызмет атқарды. Олар 3200 сайлау учаскесінде байқаушы ретінде жұмыс атқарды, - деді журналист Бигелді Ғабдуллин .

Оның айтуынша, эпидемологиялық жағдайға қарамастан дауыс беру тиісті деңгейде өтті. Аса қатты өрескел заң бұзушылықтар анықталмады.

Өзгелердің жаңалығы