Орден алған шопан Нұр-Сұлтанға алғаш рет келген

12 Желтоқсан 2019, 15:44
6280
Бөлісу:
Орден алған шопан Нұр-Сұлтанға алғаш рет келген
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Есет Өтесов әкесінің ізін жалғап, ауылда шопан болып еңбек етіп жүр.

Мемлекет басшысының марапаттау салтанаты аяқталған соң маңғыстаулық шопан өзі туралы айтып берді.

Есет Өтесов III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін алу үшін ұшаққа алғаш мініп, елордаға алғаш рет келіп отыр.

Маңғыстау облысы Түпқарағай ауданынан келдім. "Жайлау" ЖШС бас шопан болып жұмыс істеймін. 1988 жылдан бастап шопан болып жүрмін. Әкем өмір бойы мал баққан, - деді ол.
Сондай-ақ, шопан мемлекеттік награда туралы жақында естіген. Ол төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Мал бағу оңай шаруа емес. Марапат туралы 5-6 күн бұрын естідім. 2 қыз бен 2 ұлым бар. Үйге жеткен соң марапатымды алдымен отбасыма көрсетемін. Өте қуаныштымын, - деп әсерімен бөлісті. 
Айта кетейік, Қазақстан президенті қандай шенеуніктерден бас тартатыны туралы айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық шопан Есет Өтесовке ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденін табыстады. 

Иманғали Тасмағамбетовтің қызы София Тасмағамбетоваға "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.

Қазақстан президенті бүгін "Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, "Отан" ордені, І дәрежелі "Барыс" ордені, ІІ дәрежелі "Барыс" ордені,  ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы, "Парасат" ордені, ІІ дәрежелі "Достық" ордені, "Құрмет" ордені, ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені, ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттады. 

Марапат алған тұлғалардың арасында Роза Рымбаева, Илья Жақанов, Сауытбек Әбдрахманов, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Димаш Құдайберген бар. Толық тізімді мына сілтемеден оқи аласыз.

Өзгелердің жаңалығы