Қордайдағы төбелес: Жалпақтөбеліктер жәрдемдесуге әзір

9 Ақпан 2020, 09:02
6077
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес: Жалпақтөбеліктер жәрдемдесуге әзір

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы, дүнген диаспорасы жиі шоғырланған Жалпақтөбе ауылында Масаншы ауылында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды. 

Бұл туралы "Винхуа" дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының президенті Руслан Исмазов мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, жалпақтөбеліктер өзге де жәрдем түрлерін көрсетуге дайын. Көмек қабылдау орталығы Жалпақтөбе ауылындағы "777" кафесінде орналасқан және осы кафенің иесі Абдурашит Умаров негізін қалаған "Аминат" қорының жанынан жұмыс істейді. Онда негізінен жылы киімдер, көрпе-кілемшелер, памперстер және күнделікті тұрмыстық заттар қажет.

Біз ақсақалдар кеңесімен, имамдармен кездесіп, зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруды ұйғардық. Бүгін жұмысқа кірісеміз. Ешкім жамандықты тілеп алмайды, сондықтан мұқтаждардың барлығын қолдауға дайынбыз, – деген Р.Исмазов Жалпақтөбе тұрғындары Масаншыда болған толқулардан зардап шеккендерді өз үйлеріне кіргізуге де әзір екенін атап өтті.

Қауымдастық жетекшісі Қордай ауданы тұрғындарының көршілес Қырғыз шекарасына жол тартқанын айғақтайтын әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалға қатысты да айтты. Оларды тынышталып, үйлеріне қайтуға шақырды. Бұл видео Қарасу бақылау-өткізу пунктінен жіберілген. Онда қолдарында нәрестелері бар әйелдер, қариялар мен жастар шекарадан өте алмай тұр.

Қазақстан – біздің Отанымыз. Қақтығысты қоздырған адамдар мен оған ергендер жазаланады. Біздің қазақ бауырларымыз, президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктердің қайталануына жол бермейді, – деді ол.
Өзгелердің жаңалығы