Қордайдағы төбелес: Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

9 Ақпан 2020, 13:05
1899
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес: Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен қаза тапқандардың саны онға жетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті.  39 адам ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің ішінде 5 полицей бар. Үшеуіне оқ тиген. Бірақ полиция қызметкерлері ешқандай қару қолданған жоқ, - дейді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, 8 адам оқиға орнында қайтыс болған. Екеуі жансақтау бөлімінде жан тапсырған.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы қақтығысқа жол беріп, тәртіп сақтамағандар жазаланатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал сенбі күні түнде Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу елді мекендерін аралап, қауіпсіздікті тексерді. 

Еске сала кетейік, 7 ақпандағы тәртіпсіздіктен кейін шекаралас ауылдардың тұрғындары Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған.  9 ақпанда қазақстандықтар жеңілдетілген режиммен орала бастады. Өткен тәулік ішінде Қазақстан шекарасынан жеті мың адам өткен. 

Өзгелердің жаңалығы