«Ордабасыдан» ұлттық құрамаға кімдер барады?

16 Наурыз 2021, 23:05
1434
Бөлісу:
«Ордабасыдан» ұлттық құрамаға кімдер барады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық құрамаға шақырту алған «Ордабасы» ойыншыларының тізімі белгілі болды. Бұл туралы Aladop.kz сайты хабарлады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырылған ойыншыларды атады, олардың арасында «Ордабасының» да ойыншылары бар: қақпашы - Бекхан Шайзада, қорғаушылар - Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, жартылай қорғаушылар - Еркебұлан Тұңғышбаев және Эльхан Астанов.

Сонымен қатар қосалқы құрамда шымкенттік клубтың тағы бір ойыншысы - Бағдат Қайыров бар.

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді - 28-наурызда Нұр-Сұлтанда Францияға қарсы ойын өткізеді және 31-наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Аслудин Хаджиев пен шымкенттік клубтың бас бапкерінің көмекшісі Андрей Ферапонтов «Antalya Cup 2021» додасы аясындағы Қазақстан жастар құрамасының жаттығуларына шақырту алды.

Осы жылы «Antalya Cup» турнирінде Қазақстан құрамасынан бөлек, Болгария, Украина, Солтүстік Македония, Словакия және Өзбекстан сынды құрамалар да бақтарын сынайды.

Өзгелердің жаңалығы