«Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті сайланды

12 Ақпан 2022, 10:50
1841
Бөлісу:
«Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бауыржан Абдубаитов «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті атанды.

Бұл туралы «Ордабасы» ФК-ның Іnstagram парақшасында жарияланды. «Ордабасы» ФК директорлар кеңесінің шешімі бойынша Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы клуб президенті болды.

Бауыржан Абдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан Футбол Федерациясы Атқарушы комитетінің мүшесі.

Қазақстан Футбол Федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы.

2002 жылдан бері «БИІК» компаниясының президенті болып табылады («БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК).

Шымкенттік әйелдер командасының президентімен «БИІК-Шымкент» еуропалық даңқты жарыс УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Өзгелердің жаңалығы