Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды 

Ол қарсыласынан басым түсіп, соңғы раундта жеңісті жұлып алды.

 ҰОК Бүгiн 2026, 12:19
Бүгiн 2026, 12:19
100
Фото: ҰОК

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі) сынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оразбек алғашқы минуттан қарсыласына қысым жасап, соңғы раундта жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 3:2.

Бұған дейін қазақстандық боксшы іріктеу кезеңінде филиппиндік Пол Джулифер Басконды жеңісе, ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамото бас тартуына байланысты жарыстың келесі сатысына өтті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновты қапы қалдырып кетті.

Оразбек Асылқұлов IBA нұсқасы бойынша 2025 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 

Енді ел құрамасынан 5-жұпта Төрехан Сабырхан (70 келі) иорданиялық Зейад Ишаиш, 6-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) өзбекстандық Жавохир Абдурахимов, 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 10-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қытайлық Данабек Байкенжемен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Наверх